Восточно-Казахстанская область
Өскеменде іздеу жарияланған әйел Ертіс жағалауындағы парапеттен құлап мерт болды
Бұл әйел 13 қарашада жұмысқа кетіп, сол күйі үйіне оралмағандықтан полицейлер іздеу салған
Өскемен қаласында полиция іздеу жариялаған әйел Ертіс жағалауындағы парапеттен құлап қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
16 қараша күні қала тұрғындары Ертіс жағалауында әйел адам парапеттен құлап кеткен. Оны байқап қалған тұрғындар құтқарушылар мен жедел жәрдемге хабар берген.
«ТЖД қызметкерлері оны зембілге салып көтеріп, медицина қызметкерлеріне тапсырды. Алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін жәбірленуші ауруханаға жеткізілді», — деп хабарлады Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Өкінішке қарай әйел алған жарақаттарынан ауруханада көз жұмған. Анықталғандай, бұл әйелге 13 қарашада полиция іздеу жариялаған. Ол жұмысқа кетіп, сол күйі үйіне оралмаған.