«Мемлекет басшысы Костенко шахтасында кеншілердің қаза болуына байланысты тергеу жұмысын жүргізіп, «АрселорМиттал Теміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды. Осындай апат биыл тамыз айында да болған. Ол кезде 5 шахтер қаза тапты. Көп адамys4 өліміне әкеп соққан апат өндірістегі қауіпсіздік талаптарының сақталмауыyf тікелей байланысты. Бұл – бірінші кезекте кәсіпорын басшылығының кінәсі», — деді Үкімет басшысы.
Айта кетейік, 28 қазанда Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада апат болып, кейін 45 адамның қаза тапқаны хабарланған болатын.
Осыған байланысты Қазақстанда 29 қазан — Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.