Павлодарда жігітті пышақтаған бойжеткен сотталды
25 мамырда түн ортасында М. Жүсіп көшесінде жігіт пен қыз жанжалдасып, қыз жігіттің асқазанына пышақ сұғып алды. Осы қылмыстық іс бойынша бүгін сот үкімі шықты.
22 жастағы айыпталушы негізгі жазадан бөлек, мәжбүрлі еңбекке тартылатын болды, деп мәлімдеді pavlodarnews.kz тілшісі.
Мас күйде болған қыз жанжал кезінде ер адамның асқазанына пышақ сұғып алған. Жігіт ауруханаға түсті.
Қыз Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабының бірінші бөлігі бойынша денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін айыпталды.
Сотталушы Павлодар қаласының прокурорымен кінәсін мойындау туралы мәміле түрінде келісім жасап, сот жауаптылықты жеңілдететін мән-жайды – мойындауын ескерді. Ол 4 жылға бас бостандығын шектеу түрінде жазаға кесілді, – деді Павлодар қаласының №2 сотында.
Бұдан бөлек, қыз қоғамдық орындарда жүз сағат мәжбүрлі еңбекке тартылатын болды. Нақты қай жерде жұмыс істейтінін жергілікті атқарушы органдар анықтайды.