Мангистауская область

Ыбықты сайда тауға қашап жазу жазған мәдениет үйінің директоры қызметінен кетті

Маңғыстаудағы Ыбықты сайына қашап жазу жазып, кейін кешірім сұраған Ақтөбе қалалық зағиптар үйінің директоры Манат Көшербаев өз еркімен жұмыстан кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Гүлжайна Бисенғалиеваның айтуынша, қалалық зағиптар үйінің директоры Манас Көшербаев қызметінен кетті.

«Манас Көшербаев қалаға келген соң кеше шақыртып алдық. Ол сол кезде өз еркімен жұмыстан шығатынын айтып, арыз жазды. Әкімшілік жазаны полиция қолданады. Ал жұмыстан шыққан адамға тәртіптік жаза қарастырылмады»,- деді Гүлжайна Бисенғалиева.

Еске салсақ, еңбек демалысына Маңғыстауға барған әнші, Ақтөбе қалалық зағиптар үйінің директоры Манас Көшербаев борлы тауға қашап жазды.

Кейін «Ақнәзік» деп жазылғаны көрсетілді.

Көп ұзамай Манас Көшербаев әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырып, бейнеүндеу жариялады.

«Мен Көшербаев Манас Маратұлы 24 тамызда Маңғыстау облысы Ақтау қаласы Ыбықты сайда болған жағдайға байланысты түсініктеме бергім келеді. Ыбықты сай – Маңғыстаудың көркем жерлерінің бірі. Өкініштісі, қараусыз қалған. Жолы өте нашар, жан-жағы қоқысқа толы. Сол әдемі, керемет үңгірдің іші толған жазу, әдепсіз сөздер. Сондай бір дөрекі сөзді әдемі есімге айналдырмақ ниетім ғана болды. Аңдаусыз жаза бастым! Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ болмайды. Аса қатты сөкпеңіздерші! Тарихи жерге қылдай қиянат қылу ойымда да болмады. Барша отандастарымнан, Маңғыстау жұртынан басымды иіп кешірім сұраймын! Ғафу етіңіздер»,- деп кешірім сұрады.

Другие новости

Back to top button