Денсаулық

Бала кезінен эпилепсиясы бар бойжеткеннің миына ота жасалып, ұстамасы басылған

Ұлттық нейрохирургия орталығының дәрігерлері нәресте кезінен эпилепсиямен ауыратын 25 жастағы пациенттің миына операция жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігі сайтына сілтеме жасап.

 

«Анам 1 жасымда алғашқы қысқа мерзімді эпилепсиялық ұстаманы бастан өткергенімді айтқан. Ұстама кезінде қатып қалып, ернім көгеріп, аузымның жан жағы ағарып кетіпті. Алты жасымнан бастап антиконвульсанттарды қабылдай бастадым. Бірақ, жылдар өте келе дәрі-дәрмектердің әсері азайды, ұстамалар жиілеп кетті, бір күнде 3-4 құрысу пайда болды. Әр ұстамадан кейін қалпыма келу үшін көп уақыт қажет болды. Содан ауруым және оны емдеу әдістері туралы ақпаратты іздеуіме тура келді. Ұлттық нейрохирургия орталығының сайты арқылы Гаухар Ибатованың қабылдауына жазылдым.

Дәрігерлер МРТ суреттерін зерттеді, зерттеу ұстамалар кезінде жүргізілген икталдық ЭЭГ-тен кейін эпилепсия кезінде хирургиялық емдеу мүмкіндігін айқындады.

Операциядан кейін 7 күн өтті, әзірге ұстамалар байқалмайды», — дейді пациент.

Аса күрделі операцияны профессор, ҚР ҰҒА академигі Серік Ақшолақов, ми патологиясы нейрохирургия бөлімшесінің нейрохирург дәрігерлері Мұратбек Тілеубергенов және Дәурен Жақсыбаев жүргізді. Сондай-ақ, операция кезінде дәрігерлердің көпбейінді тобы жұмыс істеді, оның құрамында тәжірибелі дәрігерлер болды. Олар: дәрігер-анестезиолог Раушан Токшекенова және дәрігер эпилептолог-нейрофизиолог Гаухар Ибатова.

«Нейронавигация мен электрокортикографияны қолдана отырып, мидың «қыртысын» тікелей жаза отырып, оң жақтан гипокампты микрохирургиялық алып тастау операциясын жасадық. Диаметрі 3х3 см болатын оң жақ самай бөлігінің кең эпилептогендік ошағы алынды. Операцияның күрделілігі маңдай және самай бөлігінің көптеген айқын жабыспасымен байланысты болды. Сондай-ақ, жабыспалар ми қыртысынан бөлінді. Біздің міндетіміз ошақты жоюдың тұтастығына ұмтылу ғана емес, сонымен қатар пациенттің өмір сүру сапасын сақтау болды.

Ми затының оның астында жақын жатқан қабықшалармен жабысуларының болуы операция процесінің күрделенуіне әкеліп соғады, бұл функционалдық аймақтардың қыртысты беттеріне зақым келтіру ықтималдығын арттырады. Осы операция пациенттің өмір сүру сапасын тек жақсы жаққа ғана өзгертеді деп үміттенеміз», — дейді невролог-эпилептолог, «ҰНО» АҚ профессоры Гаухар Ибатова.

Операция пациент үшін неврологиялық тапшылықсыз сәтті өткен. Пациентте эпилепсиялық ұстамалар операция жасалған күннен бастап пайда болмайды. Бұл жоспарлы операция МӘМС шеңберінде тегін жасалды.

 

Другие новости

Back to top button