Алматыдан Қытайға қарай 286 шақырым қашықтықта жер сілкінді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлағандай, «СОМЭ» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 4 сәуірде сағат 7:26-да жер сілкінісін тіркеген.
- Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10,0.
- MPV магнитудасы — 4,3.
- Эпицентр координаттары — 40,65° солтүстікке қарай, 77,33° шығысқа қарай.
- Тереңдігі — 5 км.
- Қабылдау туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша) жоқ.
Еске алайық, 2 сәуірде Алматы тұрғындары 2 балдық жерасты дүмпуін сезінді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 17 шақырым жерде Қазақстан аумағында болды.