Восточно-Казахстанская область

Риддер жылу электр станциясында тағы да апат болды

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында жылу электр орталығындағы багер станциясында апат болды, деп хабарлайды Stan.kzақпара агенттігі.

 

Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Риддердегі жылу электр орталығы басшылығының немқұрайлығынан багер станциясы қайтадан су астында қалды. Дәл осындай жағдай өткен жылдың 5 қарашасында болған. Сол кезде мердігер ұйымдардың қызметкерлері мазутты сорып алып, барлық агрегаттардың жұмысын қалпына келтірген еді. Алайда, ЖЭО басшылығының кінәсінен жағдай тағы қайталанды. Қазір багер станциясында апатты жою жұмыстары жүргізілуде», – дейді аймақ басшысы.

Оның айтуынша, 4 мотопомпа, 4 суасты сорғы іске қосылды.

Төтенше жағдай жөніндегі штабтың ақпаратына сәйкес, 3-4 сағат ішінде апат салдары жойылады.

«Риддер тұрғындарына алаңдауға еш негіз жоқ. Бұл жағдай орталықтың жұмысына әсер етпейді. Резервтік жабдық қосылған. ЖЭО-дан жылу беру кесте бойынша жүргізіледі. Штаб мамандары апаттық себептерін анықтап жатыр», – деді Даниал Ахметов.

Другие новости

Back to top button