Восточно-Казахстанская область

«Басы есікке қысылып қалғанын айтқан»: ШҚО-да полиция қызметкері қасындағы серігін өлтірді деген күдікпен ұсталды

Шығыс Қазақстан облысында серіктесін өлтірді деген күдікпен полиция қызметкері ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

 

Облыстық полиция департаменті аталған деректі растап, күдіктінің ұсталғанын айтты.

«10 қазанда патрульдік полиция инспекторының қайтыс болу фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды, болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», — деді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Ведомство өкілдері 36 жастағы күдіктінің уақытша ұстау изоляторына қамалғанын жеткізді.

«Оқиға орнына облыс прокуроры, Полиция департаментінің бастығы, Жеке қауіпсіздік департаментінің бастығы, сондай-ақ ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің өкілі барды», — делінен хабарламада.

Қылмыстық істі тергеу ҚР Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауына алынды.

Бейресми мәлімет бойынша, полицей «Нива» көлігінде келе жатып, серігінің түсініксіз жағдайда көлік сыртына шығып кеткенін, ал басы есікке қысылып қалғанын айтқан.

 

Другие новости

Back to top button