Денсаулық
Дәрігер күзгі-қысқы күйзелістің белгілерін атады
Америкалық психиатр Хуссейн Кан жұмысбастылық және күндізгі уақыттың қысқаруы күзгі-қысқы депрессияға шалдықтыратынын айтты.
Маманның айтуынша, науқас жыл сайын шамамен бір уақытта депрессияға түсуі мүмкін.
Мұндай кезде адамды ұйқы басып, энергия жетіспеушілігі туындайды. Дерті асқынған адамдар сабақтан немесе жұмыстан қалады, достарымен кездескісі келмейді және күнделікті тапсырмаларды орындау қиынға соғады, деп хабарлайды Western Mass News.
«Адамдардың көпшілігі жұмысқа әлі күн шықпаған кезде барып, үйіне қараңғыда қайтады. Осылайша, көптеген адам дүйсенбіден жұмаға дейін күн сәулесін көрмейді», — деп түсіндірді психиатр Хуссейн Кан.
Сондай-ақ бұл жағдайға коронавирус та әсер етеді, деп толықтырды дәрігер.