Карагандинская область

«9 рет пышақ сұғып, жиһазбен қосып өртеген»: Қарағандыда әйелді өлтірді деген айыппен ерлі-зайыпты сотқа тартылды

Қарағандыда адвокат Ирина Эмді айуандықпен өлтірді деген күдікке ілінген ерлі-зайыптының ісі басталды. Олар әйелді өз пәтерінде тоғыз рет пышақ сұғып өлтіріп, кейін ізін жасыру үшін оны өртеп жіберді деп айыпталып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Марқұмның 53 жастағы көршісі мен оның 45 жастағы жұбайы сотқа тартылды.

Оқиға Шахтинск қаласында 2023 жылдың сәуір айының соңында болды. Іс материалдарына сәйкес, марқұмға көршісі қарызға ақша сұрауға келген. Ал оны көрген әйел қызғаныштан Иринаға пышақ сұққан. Содан кейін ер адам тағы сегіз рет пышақтаған.


Күдіктілер қансырап жатқан жәбірленушіні диванға апарып, жиһазды өртеп жіберген көрінеді. Сондай-ақ марқұмның отбасы  Ирина Эмнің сөмкесінен 400 мың теңге жоғалғанын айтады. Сот алқабилердің қатысуымен өтіп жатыр.

Ерлі-зайыпты 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Айыпталушылар кінәсін мойындамады.

Другие новости

Back to top button