Восточно-Казахстанская область

«60 млн теңге толығымен жетеді»: Даниал Ахметов Риддердегі жалғыз қазақ мектебінің тағдыры жайлы

Риддердегі жалғыз қазақ мектебінің жағдайы қоғамда өткір талқыға түсті

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Үкімет кулуарында Риддердегі жалғыз қазақ мектебінің жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Ол мектептің жөнделуіне біз 60 млн теңге бөлдік. Қаржы мектепке аз уақыттың ішінде жететінін еске саламыз. Бірақ Риддердің мәселесі маған белгілі. Осы жылдың ішінде жоба бойынша 300 орындық мектеп бітеді. Келесі жылы біз жаңа мектепті бастаймыз. Ол тек қазақ тілінде білім береді»,- деді ол.

Ахметов атап өткендей, мектептің жөнделуі ағымдағы жұмыс.

«Ол мектепте мен өзім болдым. 60 млн теңге толығымен жетеді», — деді Даниял Ахметов.

Еске салсақ, отандық БАҚ-та Риддердегі қазақ мектебінің жағдайы туралы материал шыққан еді. Оқушылар ескірген екі ғимаратта оқып жүргені белгілі болды. «Шаңырақ» мектебі Риддердегі 16 мектептің ішіндегі жалғыз мектеп екенін атап өткен жөн.

 

 

Фейсбук парақшамызға кіріп, пікір қалдырыңыз, сынаңыз, ұсыныңыз

Біздің телеграм каналымызға жазылыңыз және жаңалықтарды қадағалаңыз

 

Другие новости

Back to top button