Мангистауская область

«30-40 минутқа дейін жылап жатады»: Ақтау тұрғыны көрші орналасқан балабақшада қызметкерлердің бүлдіршіндерге қарамайтынын айтты

Ақтау тұрғыны үйінің қасында орналасқан балабақшада бүлдіршіндердің үнемі қатты жылайтынын еститінін жеткізді. Айтуынша мекеме қызметкерлері балаларды жұбатпайтыны сонша олар тіпті 30-40 минут жылайды екен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агентігі Лада порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

 

Әйел мектеп жасына дейінгі балалардың ұзақ жылайтынын, оларды ешкім тыныштандырмайтынын айтты.

«Бұл балабақшада әлі сөйлей алмайтын кішкентай сәбилер бар. Олар тіпті 30-40 минутқа дейін жылап жатады. Ал оны ешкім тыныштандырмайды. Мен жақын жерде тұрамын. Дауыстарынан көшеде отыру мүмкін емес. Бұл балалардың жылауынан жүрегім қан жылайды. Тәрбиешілер өте суыққанды», – деді Ақтау қаласының тұрғыны.

Осы жайттан соң Ақтау қалалық білім бөлімінде жекеменшік балабақшаны тексеру қорытындысы жарияланды.

«Осы мән-жайды анықтау барысында, топқа жаңадан келген бүлдіршіндердің анасы кеткеннен кейін бейімделе алмай жылайтыны анықталды. Қызметкерлер бірден баланы тыныштандыруға кіріскен. Сол уақытта анасына телефон соғып, баласының жағдайын ескерткен. Анасы келгенге дейін баланы қолына алып жұбатуға тырысқан. Сондай-ақ, кез келген бала балабақшаға қабылданған кезде осындай бейімделу кезеңінен өтетінін атап өткен жөн», — деді министрлік.

Другие новости

Back to top button