Социум

26 градусқа дейін жылы: Қазақстан бойынша 10 сәуірге арналған ауа райы болжамы

“Қазгидромет” РМК Қазақстанда 10 сәуірде ауа райы қандай болатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

Астанада ауа райы құбылмалы болып, жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы түнде секундына 3-8, түнде 9-10 метрге жетеді. Ауа температрасы түнде 1-3, күндіз 7-9 градус жылы болады.

Алматыда күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соққан жел жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 15-17 жылы.

Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Батыста секундына 5-10 метрге жететін жел соғады. Түнде ауа температурасы 5-7, күндіз 20-22 жылы болады.

Ақмола облысында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Батыс, солтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы 9-14, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге барады. Ауа температурасы түнде 0-5, күндіз 5-10 жылы. Көкшетауда күн райы құбылмалы болады, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр жауады. Батыс, солтүстік-батыстан соққан жел секундына 7-12 метрге жетеді. Ауа температурасы – түнде 1-3, күндіз 5-7 жылы.

Түнде Алматы облысының оңтүстік-шығысында жаңбыр, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Оңтүстік-батыстан жел тұрып, секундына 9-14 метрге барады. Түнде ауа температурасы 5-10 градус жылы, облыстың таулы аудандарында 0-5 аяз, күндіз 12-17, таулы аудандарында 3-8 жылы болады. Қонаевта құбылмалы, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел секундына 9-14 метрге жетеді. Түнде ауа температурасы 5-7, күндіз 14-16 жылы.

Түнде Жетісу облысының шығысында, орталығында, облыстың таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз солтүстікте, шығыста, облыстың таулы аудандарында жаңбыр, облыс орталығында аздаған жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыс жел тұрып, жылдамдығы секундына 9-14, облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20, кейде секундына 23-28 метрге дейін барады. Түнде ауа температурасы 6-11 градус жылы, облыстың таулы аудандарында минус 3 -плюс 2, күндіз 12-17, облыстың таулы аудандарында 9 жылы болмақ. Талдықорғанда күн райы құбылмалы, түнде және күндіз аздап жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соққан жел секундына 5-10 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 7-9, күндіз 15-17 жылы.

Түркістан облысында жауын-шашын түспейді. Батыстан соққан жел секундына 8-13 метрге деін барады. Түнде ауа температурасы 5-10, облыстың таулы аудандарында 2, күндіз 20-25, облыстың таулы аудандарында 17 жылы болады. Түркістанда бұлтты, жауын-шашынсыз күн райы болады. Батыстан соғатын желдің екпіне секундына 5-10 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 22-24 жылы болмақ.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр, кей жерлерде нөсер жаңбыр жауып, найзағай соғады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Батыс, оңтүстік-батыстан тұрған жел секундына 9-14 метрге жетуі мүмкін. Ауа температурасы түнде 5-10, күндіз 16-21 жылы. Оралда күн бұлтты болып, күндіз жаңбыр жауады, кей жерлерде нөсер жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Батыс, оңтүстік-батыстан секундына 9-14 метр жел соғады. Ауа температурасы – түнде 6-8, күндіз 18-20 жылы.

Күндіз Атырау облысының солтүстік-шығысында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түсуі ықтимал. Батыс, оңтүстік-батыстан секундына 9-14 метрге жететін жел тұрады. Ауа температурасы түнде 5-10, күндіз 20-25 жылы болады деп болжанған. Атырауда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел секундына 2-7 метрге жетеді. Ауа температурасы – түнде 7-9, күндіз 22-24 жылы.

Маңғыстау облысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Шығыс, оңтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 7-12, күндіз 21-26, облыстың солтүстік-батысында 17 жылы болады. Ақтауда жауын-шашынсыз күн райы күтіледі. Түнде тұман түсіп, шығыс, оңтүстік-шығыстан секундына 5-10 метрге жететін жел тұрады. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 22-24 жылы болады.

Ақтөбе облысының түнде шығысында, күндіз солтүстігінде, батысында жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, батысында тұман түседі. Батыстан, солтүстік-батыстан секундына 9-14 метрге жететін жел соғады. Ауа температурасы түнде 4-9, күндіз 13-18, облыстың оңтүстігінде 21 жылы болмақ. Ақтөбеде құбылмалы күн райы сақталып, күндіз жаңбыр жауады. Батыс, солтүстік-батыстан соғатын жел секундына 7-12 метрге жетеді. Ауа температурасы – түнде 6-8, күндіз 15-17 жылы.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан соққан жел секундына 9-14 метрге дейін барады. Ауа температурасы түнде 1-6, күндіз 5-10, облыстың оңтүстігінде 14 жылы болады деп күтіледі. Қостанайда күн бұлтты болып, түнде жаңбыр жауады. Солтүстік-батыста жел секундына 7-12 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 1-3, күндіз 7-9 жылы болмақ.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-батыс, солтүстіктен 9-14, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр жел соғады. Түнде ауа температурасы 2 аяз-3 жылы, күндіз 2-7 жылы болады. Петропавлда күн бұлтты, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, күндіз жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен секундына 9-14 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз 2-4 жылы болады.

Павлодар облысында жаңбыр жауады. Түнде облыстың солтүстігінде тұман түседі. Батыстан соққан желдің екпіні 9-14, облыстың батысында, оңтүстігінде секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 2-7, күндіз 7-12 жылы болмақ. Павлодарда күн бұлтты болып, жаңбыр жауады. Батыстан секундына 9-14 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 4-6, күндіз 8-10 жылы болады деп күтіледі.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында күндіз де, түнде де жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Батыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге барады. Ауа температурасы түнде 2-7, күндіз 8-13, облыстың оңтүстігінде 16 градус жылы болады. Қарағандыда ауа райы құбылмалы болып, жаңбыр жауады. Батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 9-14, күндіз 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы – түнде 4-6, күндіз 8-10 жылы.

Ұлытау облысының солтүстігі, шығысы, орталығында жаңбыр жауады. Облыстың батысынан соққан желдің екпіні секундына 9-14, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 5-10, күндіз 12-17, облыстың оңтүстігінде 20 градус жылы. Жезқазғанда құбылмалы ауа райы болып, кейде жаңбыр жауады. Батыстан секундына 9-14 метрге дейін жететін жел тұрады. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 13-15 жылы болады деп күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр, облыстың солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 метрге жететін жел соғады. Ауа температурасы түнде 2-7, облыстың шығысында 2 градус аяз, күндіз 8-13, облыстың шығысында 3 жылы болады. Өскеменде күн бұлтты болып, жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай ауысады, күндіз екпіні секундына 15-18 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 4-6, күндіз 10-12 жылы болмақ.

Абай облысының батысында, оңтүстігінде нөсер жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің жалдамдығы 9-14, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, 23-28 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 3-8, күндіз 10-15, облыстың солтүстігінде, шығысында 7 градус жылы болады. Семейде күн бұлтты болып, жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыс, батыстан соққан жедің екпіні секундына 7-12, күндіз 15-18 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 4-6, күндіз 10-12 жылы болады.

Қызылорда облысында жауын-шашын түспейді. Батыс, солтүстік-батыстан секундына 8-13, күндіз облыстың орталығында 15-20 метрге баратын жел тұрады. Ауа температурасы түнде 4-9, күндіз 19-24 жылы болады. Қызылордада бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел секундына 7-12 метрге барады. Ауа температурасы түнде 4-6, күндіз 20-22 жылы болмақ.

Жамбыл облысының таулы аудандарында түнде жаңбыр жауады, найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел жылдамдығы секундына 9-14, облыстың таулы аудандарында 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 5-10, облыстың таулы аудандарында 2, күндіз 16-21, таулы аудандарда 11 градус жылы болады. Таразда күн бұлтты, жауын-шашын болмайды. Оңтүстік-батыстан секундына 9-14 метрге жететі жел тұрады. Ауа температурасы – түнде 5-7, күндіз 19-21 градус жылы.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі еліміздің бірқатар өңіріндегі су тасқыны жағдайына байланысты тағамнан улану мен жұқпалы ауруларды болдырмау мақсатында бірқатар ұсыныс жариялаған еді.

Другие новости

Back to top button