Образование

2023 жылы негізгі ҰБТ сәуір және шілде айларында өтуі мүмкін

Биылғы оқу жылында оқушыларда 5 рет ҰБТ тапсыруға мүмкіндік бар

2023 жылы негізгі ҰБТ сәуір және шілде айларында өтеді деп жоспарланып отыр. Енді мамыр айында тестілеу өткізілмеуі мүмкін. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев Сулейман Демирель университетінде өткен Ашық есік күнінде айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Келесі ереже бекітілгенше негізгі ҰБТ екі рет болып қалады. Биылғы оқу жылында оқушыларда 5 рет ҰБТ тапсыруға мүмкіндік бар. Қаңтарда, наурыз, тамызда ақылы негізде өтеді және оның сертификаты жоғары оқу орнында ақылы негізде оқуға жарайды. Сондай-ақ екі негізгі ҰБТ-ны тапсыруға мүмкіндік берілген. Тіркелу онлайн форматта өтеді, әркім тестілеу тапсыру күнін және уақытын өзі белгілей алады», – деді ол.

Сондай-ақ орталық директоры 2023 жылы негізгі ҰБТ неліктен сәуір және шілде айларында өткізілетінін түсіндірді.

«Жыл сайын негізгі ҰБТ мамыр және маусым айларында өткізіліп келді. Енді оған өзгеріс енгізгелі отырмыз, жобасы дайын. Биылғы жоспарымыз бойынша бірінші мүмкіндікке тіркелуді наурыз айында ашқалы отырмыз. Алғашқы тестілеуді сәуір айында өткізудің бірнеше себебі бар. Біріншіден, мамыр айында мереке көп. Екіншіден, биылғы оқу жылында 31 мамырда өтетін маңызды мереке – соңғы қоңырау бар. Оқушылардың бар ойы соңғы қоңырауды тойлауда болады», – деп түсіндірді Руслан Тохтарұлы.

Другие новости

Back to top button