21 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



35 мың қазақ жұмыс іздеп, Кореяға қаңғып кетті

02 апрель 2021, 12:27
35 мың қазақ жұмыс іздеп, Кореяға қаңғып кетті
Жұмыс іздеп, Оңтүстік Кореяға кеткен қазақстандықтар саны 35 мыңнан асты. Оның 12 мыңға жуығы Корей түбегінде заңсыз жалданып, нәпақасын тауып жүр. Еңбек мигранттарының басым бөлігін еліміздің оңтүстігінен барғандар құрайды екен. Олардың жат жерде құқығы тапталып, қауіпсіздігіне зиян келіп жатқан оқиғалар да жиілеген. Осыған алаңдаған депутаттар бастама көтерді. Халық қалаулылары отандастарымыздың заңды түрде жұмыс істеуіне жағдай жасау керек дегенді алға тартты. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Оңтүстік Кореяға табыс табуға барған отандастарымыздың бірі - Айдос. Ол екі жыл Сеулде заңсыз еңбек етіп келген. "Таңғы жұпар" еліне қыдырып барып, сонда қалып қойыпты. Бүгінде елге оралып, ресми түрде қызмет істеп жүр. Ондағы жұмыс күші жайлы толық айтып беруге келіскенімен түрін көрсетпеуді өтінді.

Айдос, Кореяда жұмыс істеп келген азамат:

Қазақстандықтарға Кореяда еңбек визасын алу өте қиын. Мен Сеулге екі бағытқа билет алып, турист ретінде бардым. Шет мемлекетте табыс жақсы болған соң, сонда жұмыспен қалып қойдым. Салыстырмалы түрде айтсам, егер елімізде құрылысшы болып істесең ең жоғары жалақы 400 мың теңгенің шамасында. Ал, Кореяда дәл сол жұмыста айына 1,5-2 млн теңге табыс табуға болады.
Соңғы жылдары Айдос секілді басын қауіп-қатерге тігіп, шекара асатын отандастарымыздың қатары күрт артқан. Кореяға жерлестеріміздің басым бөлігі, қарыздарынан құтылуға баратын көрінеді. Мәселен, тағы бір кейіпкеріміз Самат та 5 жыл бұрын Көкшетаудан барыпты. Қазір, ол құрылыс саласында еңбек етеді. Осынша уақыттан бері табысына қызығып жүр екен. Бірақ, туған жерден жырақта жүрген азамат, елді сағынғанын айтады.

Самат, Кореяда жұмыс істеп жүрген азамат:

Корея мемлекетінде жүргеніме 5 жылдан астам уақыт болды. Осы мемлекетке келу мүлде ойымда болмаған. Өйткені, елде жүрген уақытта кішкене қиын жағдайлар болып қалды. Кредит бар білесіздер. Барлығымыздың басымызда кредит деген пәле бар. Сол ғой негізі адамды іштей жейтін. Жарты жыл, бір жылдың ішінде осы уақыт аралығында елге қайту жоспарым бар.

Салыстырмалы түрде айтсақ, 2014 жылы Оңтүстік Кореяға бар-жоғы 359 отандасымыз заңсыз жұмыс істеуге аттанса, 2019 жылы бұл көрсеткіш 12 мыңға жетіпті. Олардың көбі 20-35 жас аралығындағы еңбекке белсенді азаматтар екен. Бірақ, жат елде жәутеңдеп жүрген қаракөздеріміз басы ауырып, балтыры сыздаса медициналық көмекке де жүгіне алмайды. Белгісіз дерттен қайтыс болған жандар да жетерлік мұнда.

Диана Сағиева, блогер:

Кореяда еңбек етіп жүрген отандастарымызда ешқандай көмек жоқ. Жұмыс берушілердің заңсыз еңбек мигранттарына дұрыс қарамайды. Басшылары алдауы мүмкін, ақшаны дұрыс төлемей қояды. Визамен жүрген адамдарға қарағанда олар аз табыс табады.

Депутаттар Кореядағы отандастарымыздың мәселесін реттейтін уақыт әлдеқашан келді, - дейді. Себебі, қомақты қаржыға алданып, шетел асып жатқан қазақстандықтардың легі қазір басылатын түрі жоқ. Қарапайым мысал, 2019 жылдың өзінде жат жерде жұмыс істеп жүрген азаматтарымыз елге 105 млн доллар аударыпты.

Елнұр Бейсенбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Біздің азаматтарымыз үшін жасырын еңбек етуге тартымды елдердің қатарында Оңтүстік Корея. Бұл елге қазақстандық азаматтар заңсыз еңбек ету үшін, соңғы 6 жыл бойы туристік визаны арқау етіп жасырын барады. Бұл елде жасырын еңбек ететін азаматтарымыздың құқықтары мүлдем қорғалмаған. Кейбір отандастарымыз ауру мен жарақаттан қайтыс болады.

Айта кетейін, 15 мемлекет Оңтүстік Корей елімен еңбек миграциясын реттеген. Ол тізімде Өзбекстан, Қырғызстан, тіпті Моңғолия да бар. Ал, біздің тарап қандай шешімге келетіні бір айдың көлемінде белгілі болады. Бұл мерзімді сыртқы істер министріне сауал жолдаған депутаттар белгіледі. Осы уақыт аралығында миграция жайлы маңызды құжат қабылдануы тиіс. Ал, Оңтүстік Кореядағы қазақстандықтардың жағдайы қашан жақсарады деген сұраққа әзірге жауап беру қиын. Себебі, ол күрделі мәселенің оң шешім табуы екінші тарапқа тікелей байланысты.

Просмотров материала: 1 565

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 106 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 122 940 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 581 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 607 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 122 912 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 466 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 645 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 711 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 898 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 045 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 423 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 318 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 646 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 546 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 352 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 453 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 652 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 319 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 666 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 432 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 428 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 267 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 111 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 360 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 290 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 822 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 166 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 147 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 363 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 691 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 115 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 129 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 174 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 096 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 330 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 481 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930