14 марта 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Болашақ ұрпағымызға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану қолжетімді болуы керек - Күрішбаев

Болашақ ұрпағымызға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану қолжетімді болуы керек - Күрішбаев
Қазақстан үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер жай ғана өндіріс құралы емес, ең алдымен, бұл біздің ұлттық игілігіміз, ата-бабамыздан қалған тарихи мұрамыз, бүкіл халқымыздың байлығы және оның басты құндылығы.

Жер мәселесіне қатысты менің берік ұстанымым: Қазақстандағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер жеке меншікте емес, тек мемлекеттің құзырында болуы керек.

Ең алдымен, бұл біздің геосаяси жағдайымызға байланысты. Ауыл шаруашылығы жерлерінің көлемі бойынша біз әлемде алтыншы орын аламыз, ал егістіктің алқаптары бойынша жан басына шаққанда Австралиядан кейін екінші орындамыз (яғни, бір адамға шамамен 1,3 га егістік жер келеді). Басқаша айтқанда, бізде халық тығыздығы өте төмен.

Сондықтан мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, біздің жер ресурстарымыздың жеке меншікте емес, тек қана мемлекеттік меншікте болғаны маңызды. Әлемдік тәжірибеде мұндай мысалдар бар. Мәселен, нарықтық экономикасы дамыған Израильде барлық ауылшаруашылық жерлері мемлекеттің құзырында.

Екіншіден, қазіргі уақытта Қазақстан экономикасы негізінен жерасты пайдалы қазбаларының арқасында дамуда, бірақ олар бір кездері аяқталатын, яғни жаңартылмайтын табиғи ресурстар болып табылады.

Сондықтан, мемлекетіміздің болашағы ауыл шаруашылығының дамуымен байланысты болады. Міне, сонда біздің болашақ ұрпағымызға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану қолжетімді болуы керек. Яғни, олар өзінің аграрлық бизнесін дамыту үшін, жерді жер иеленушілерден немесе латифундистерден сатып алмай, тікелей мемлекеттен алу мүмкіндігіне ие болуы қажет.

Үшіншіден, бүгінде «ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жеке меншіктің болмауы аграрлық салаға инвестициялар тартудың басты тежегіші болып табылады» деген пікір бар.

Шынында да, агро-өнеркәсіптік кешенге инвестициялар тарту жағынан біз әлемнің жетекші аграрлық елдерінен көп артта қалып отырмыз. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығындағы шетелдік инвестициялар көлемі Австралияда бір гектар егістікке шаққанда 422 АҚШ долларын құрайды, Канадада - 80 АҚШ доллары, ал Қазақстанда бір долларға да жетпейді, яғни 100-400 есе аз.

Шет елдерде инвестициялар тартудың басты шарты ауыл шаруашылығы өндірісінің тұрақтылығы мен жоғары рентабельділігі болып табылады, бұл ең алдымен мемлекеттің тиімді аграрлық саясаты есебінен қалыптасады. Басқаша айтқанда, егер біздің шаруашылықтарымыз шетелдік фермерлер сияқты ұзақ және арзан кредиттермен, мемлекеттік қолдаудың тиімді шараларымен (субсидиялармен), кепілдендірілген сақтандыру жүйесімен және ғылыми-технологиялық жетістіктермен қамтамасыз етілсе, біздің де аграрлық саламыз инвестициялық сұраныста болар еді.

Жалпы, 2016 жылы құрылған мемлекеттік жер комиссиясының өз уақытында қоғамдағы түрлі пікірлерді біріктіріп, жер қатынастарын жетілдіру жөніндегі негізгі ұсыныстарды ескергенін атап өткім келеді. Сондықтан, менің ойымша, қазіргі жер комиссиясы өз жұмысында сол ұсыныстарды негізге алуы керек.

Өкінішке орай, олардың бір бөлігі іске асырылмай қалды. Мәселен, елде жер ресурстарын жүйелі бақылауды қамтамасыз ету үшін, біз мемлекеттік жер инспекциясының вертикалын қалпына келтіре алмадық. Жер ресурстарын басқару комитеті дербес орган емес, ауыл шаруашылығы министрлігіне бағынышты. Сонымен қатар, оның тек 38 адамнан тұратын орталық аппараты бар. Аймақтық жер инспекциялары жергілікті атқарушы органдарға берілген. Сонда аудан әкімі жерді өзі бөледі, өзі оны бақылайды. Бұл дұрыс емес.
Елімізде топырақ-агрохимиялық зертханалар желісін құру мәселесі де шешілген жоқ. Сондықтан жалға берілген жер телімдерінің топырақ құнарлылығы не болып жатқанын нақты білмейміз.

Осы уақыт ішінде біз ауыл шаруашылығы жерлерінің ғарыштық мониторингінің отандық жүйесін заманауи деңгейге көтере алмадық.
Әкімдіктер ауылдық елді-мекендерді жайылымдармен қамтамасыз ету мәселесін соңына дейін шеше алмады. Жер ресурстарын басқару комитетінің мәліметінше, қазір ауылдың малын жаюға 32 млн. гектардан астам жайылым жетіспейді. Бұл Үкіметтің қарауына 2016 жылы жер комиссиясы шығарған мәселелердің бір бөлігі ғана, олар әлі күнге дейін түпкілікті шешімін таппады.

Сенатор Ақылбек Күрішбаевтің 2021 жылғы 25 наурыздағы Жер реформасы жөніндегі комиссиясының отырысында сөйлеген сөзі.
Автор: Ақылбек Күрішбаев -
Болашақ ұрпағымызға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану қолжетімді болуы керек - Күрішбаев
Просмотров материала: 1 116

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 139 064 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 138 867 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 138 518 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 138 545 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 138 856 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 9 262 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 8 427 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 8 540 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 11 940 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 12 093 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 21 318 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 668 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 787 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 671 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 486 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 617 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 781 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 457 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 810 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 553 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 555 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 403 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 238 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 481 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 423 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 940 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 335 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 274 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 502 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 857 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 267 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 255 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 297 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 239 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 462 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 610 Просмотров





Опрос


«    Март 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31