30 января 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Ақтөбедегі жас ғашықтар: бала шынайы махаббат үшін соттала ма?

30 сентябрь 2020, 14:41
Ақтөбедегі жас ғашықтар: бала шынайы махаббат үшін соттала ма?
Ақтөбеде ғашық жастардың ісі насырға шауып, сотқа жетті. 17 жастағы бозбалаға "Аса ауыр қылмыс жасады" деген айып тағылған. Бір-біріне өлердей ғашық жандардың арасына түскен кім? Қызым үйде, қылығы түзде дейтін ана неге болашақ күйеу баласына шүйлікті?Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

17 жастағы жігіт пен 15 жастағы қыз бала биыл ақпан айында танысыпты. Нұрасқан қаладағы кәсіптік лицейлердің бірінде оқыған. Егіз ұлының бірі қызбен кездесіп жүргенінен ата-анасы да хабардар болыпты. Қызды әкеліп таныстырған.

– Балам қайта-қайта сұрады "біздер үйленейікші, үйленейік" деп. Мен айттым неге сонша асығыс, мүмкін қыздың аяғы ауыр шығар деп едім, "Жоқ, мама, аяғы ауыр емес, біз бір-бірімізді жақсы көреміз. Бір-бірімізсіз тұра алаймыз" деді. Мен тағы айттым, үйлендіре алмаймын, себебі кәмелеттік жасқа толмадыңдар деп. Балалар қаша бастады, – дейді күдіктінің анасы Анар Қошанова.

Анар екі жастың үш рет үйден қашып кетіп, кейде бірге пәтер жалдап жүргенін білген. Қыздың анасы да үйге қонбағанын айтып, хабарласқан кездер болған. Сондай сәттердің бірінде ашуға мінген анасы қызын тексерту үшін сот-медициналық сараптамаға жүгініпті. Бірақ, іс бұлай насырға шабады деп ойламаған.

– Қыздың қандай жағдайда, қандай неде болғанын білу – міндетім. Үйге қыз қонбағасын. Екі бала бірін-бірі жақсы көргендіктен қашты, бірге осындай жыныстық қатынасқа түсті. Баланы құтқаратын возможность болса, екі бала бірін-бірі жақсы көретінін білем, қарсы емеспін, – дейді қыздың анасы.

Полицейлер бойжеткеннің анасының арызы бойынша 17 жастағы жігітті қамауға алған. Оған "16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау" бабы бойынша айып тағылып отыр. Егер кінәсы дәлелденсе 10-нан 15 жылға дейін сотталуы мүмкін.

Ерболат Сарқұлов, облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі:

Осы дерек бойынша кәмелеттік жасқа толмаған қыздың анасының арызы бойынша қылмыстық кодекстің 122 бабының 3-тармағы бойынша қылмыстық іс аяқталды. Қазіргі таңда облыстық прокуратураға жіберілді. Аталған қылмыс аса ауыр болып саналады.
Қыздың анасы айыпты болған бозбаланың үстінен шағым түсірмейтінін айтып, полицияға да арызданған. Ал Анар болашақ келінін үйге кіргізіп алсам, қалай болады деп, ақыл-кеңес де сұрапты. Біраз құзырлы органдар оған бұл әрекеті үшін заң алдында жауап беретінін айтқан.

– Қаншама кішкентай балаларды, жастарды зорлаған, мусорға лақтырып кеткендер бар, мысалы. Соларды неге соттамайды? Неге отырғызбайды? Баламның не жазығы бар? Шынайы махаббат үшін түрмеге отырғызуға ма баламды, – дейді күдіктінің анасы Анар Қошанова.
Бұл оқиға қоғамда қызу талқыға түсті. Кейбір құқық қорғаушылар жастарға араша түсіп, қарым-қатынас екі жақты келісімнен кейін болғанын ескеруі керек еді дейді.

Қызбен жүремін деп басы дауға қалған бозбаланың анасы енді мемлекет басшысынан араша сұрап отыр. Баламның шалалығын, жастығын ескеріп, жазасын жеңілдетсе екен дейді. Егер ол сот залынан босап шықса, екі тараптың ата-анасы оларды үйлендіргісі келеді.

Просмотров материала: 1 768

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 132 989 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 132 791 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 132 453 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 132 471 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 132 781 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 946 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 8 110 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 8 204 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 11 516 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 672 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 973 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 526 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 726 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 607 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 426 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 552 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 722 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 394 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 741 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 494 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 496 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 335 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 180 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 425 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 361 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 884 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 257 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 213 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 429 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 784 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 198 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 197 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 240 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 175 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 398 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 552 Просмотров





Опрос


«    Январь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031