23 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қалқанша безі күні: маңызды гормондар шығаратын органның қызметі қандай

Қалқанша безі күні: маңызды гормондар шығаратын органның қызметі қандай

Фото: pixabay
Жыл сайын 25 мамыр күні әлемде Дүниежүзілік қалқанша безі күні атап өтіледі. Бұл күнді өткізудің мақсаты – қалқанша без аурулары, оларды емдеу және алдын алудың әдістері туралы халықтың хабардар болу деңгейін арттыру, деп хабарлайды Zakon.kz.


Қалқанша безі адам ағзасында маңызды орын алады. Ол жүйке, эндокриндік, иммундық, жүрек-қантамыр, тыныс алу және тағы басқа адам ағзасының барлық жүйесінің жұмыс істеуіне әсер ететін гормондар шығарады. Қалқанша безінің гормондары иммун жүйесінің қалыпты жұмыс істеуіне жауап береді: ағзаның инфекциялармен күресуіне әсер ететін жасушаларын ынталандырады. Қалқанша безі сонымен қатар адамның көңіл-күйіне және сырт пішініне де ықпал етеді.

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ жоғары санатты эндокринолог дәрігері, м.ғ.к. Лаура Даньярованың айтуынша, қалқанша безі жұмысының бұзылуы көбіне жасырын түрде басқа аурулардың белгілері түрінде болуы мүмкін. Қалқанша безі гормондарын шығарудың бұзылуы (гипофункция немесе гиперфункция) адамның барлық ағзасы мен жүйесінің жұмысына әсер етуі мүмкін.

Қалқанша безі гормондарының шығарылуы төмен болған жағдайда дене салмағының және холестерин құрамының артуы, әлсіздік, ұйқышылдық, тез шаршау, бет пен қол-аяқтың ісінуі, депрессиялық күйлер, ұйқы мен етеккір циклдарының бұзылуы, ер адамдардың жыныс потенциясының төмендеуімен байланысты. Терінің құрғақ болуы, тырнақтардың сынғыш, есте сақтау мен назар аудару қабілетінің төмендеуі тироидты дисфункцияның белгілері болуы мүмкін.

Эндокринолог дәрігер Лаура Даньярова
Қалқанша безі гормондарының өнімі артық болған жағдайда тиреотоксикоз дамиды. Бұл ретте пациенттер жалпы әлсіздікке, дененің дірілдеуіне, ұйқысыздық пен тез ашушаңдыққа, артериялық қан қысымының жоғарылауына, жүрек жұмысының бұзылуына, тахикардияға шағымданады. Сонымен қатар тершеңдік, үлкен дәреттің жиіленуі, салмақты жоғалту секілді белгілер байқалады. Осындай симптомдар пайда болған жағдайда дереу эндокринолог дәрігерге қаралу қажет.

Мұндай аурулардың дамуында тұқым қуалаушылық, экологиялық факторлар мен тамақтану үлкен орын алады. Ағзада йодтың жетіспеушілігі, мырыш, марганец, селен және тағы басқа микроэлементтердің жетіспеушілігі қалқанша безі функциясының бұзылуына әкелуі мүмкін.

Ағзада йод тапшылығының болуы түрлі жастағы адамдарға әсер етеді. Бірақ оған әсіресе балалар, жасөспірімдер мен жүкті әйелдер осал келеді. Себебі оларда йодқа қажеттілік жоғары болады. Халықтың осы топтарында йодтың жетіспеушілігі бойдың өспеуі, физикалық және психикалық дамудың тежелуі секілді ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Ағзада йодтың орнын құрамында йод мөлшері мол өнімдерді (йодталған тұз, теңіз балдырлары, ақ етті теңіз балығы, жаңғақ, құрма және тағы басқа) және дәрі-дәрмектерді қабылдау (тек дәрігердің кеңесімен ғана) арқылы толтыруға болады.


Алайда қалқанша безінің барлық ауруы йодтың тапшылығымен ғана байланысты емес, олардың дамуына басқа да себептер әсер етеді. Симптомдар пайда болған жағдайда эндокринолог дәрігерге қаралып, қалқанша безі гормондарының деңгейін тексерткен жөн. Қауіп тобына жататын тұлғалар (балалар, жасөспірімдер, жүкті әйелдер) тироидты статус скринингін жасату қажет, бұл ретте тек ТТГ (тиреотропты гормон) анықтау жеткілікті.

Жүйелі түрде медицина тексеруінен өту, ағзаны нығайту, салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы зор. Бүгінде қалқанша безі ауруларының көбі емделеді. Ал кей жағдайларда оларды алдын алуға болады.
Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ баспасөз қызметі
Просмотров материала: 1 088

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 335 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 168 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 808 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 832 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 123 140 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 478 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 654 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 721 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 912 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 055 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 434 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 321 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 649 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 546 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 353 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 456 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 653 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 319 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 667 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 432 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 428 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 268 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 113 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 360 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 291 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 822 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 169 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 147 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 364 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 692 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 116 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 130 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 174 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 097 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 330 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 482 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930