Ақша

Валюта бағамы: 5 қазанда доллар қанша теңгеден сатылып жатыр

Сәрсенбі күні АҚШ валютасы 3 теңгеге арзандады

Қазақстанның Ұлттық банкі 5 қазанға арналған доллар мен рубльдің теңгеге қатысты ресми бағамын белгіледі.

Бүгін, яғни сәрсенбі күні доллардың ресми бағамы біршама төмендеп, 472, 68 теңге болды.

Айта кетейік, 4 қазанда америкалық валютаның ресми бағамы 475,51 теңге болған еді.

Ресей рублінің ресми бағамы 8,01 теңге болды.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, бүгін таңғы сағат 8.00-дегі жағдай бойынша Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы 474 теңгеден сатып алынып, 478 теңгеден сатылып жатыр. Астананың ақша айырбастау орындарында орташа есеппен 473 теңгеден сатып алынып, 477 теңгеден сатылып жатыр.

Бүгінгі ресми валюта бағамы бойынша:

USD / KZT – 472,68 (АҚШ доллары)

EUR / KZT – 466,91 (еуро)

RUB / KZT – 8,01 (ресейлік рубль)

TRY / KZT – 25,44 (түрік лирасы)

CNY / KZT – 66,45 (қытай юані)

KGS / KZT – 5,9 (қырғыз сомы)

UZS / KZT – 4.31 (өзбек сомы).

 

Другие новости

Back to top button