Ақша

Валюта бағамы: 27 қыркүйекте доллар қанша теңгеден сатылып жатыр

Өткен тәулікте америкалық валюта бағамы 479,42 теңге болған еді

Қазақстанның Ұлттық банкі 27 қыркүйекке арналған доллар мен рубльдің теңгеге қатысты ресми бағамын белгіледі.

Бүгін, яғни сейсенбі күні доллардың ресми бағамы аздап төмендеп, 477,37 теңгеге тең болды.

Айта кетейік, америкалық валютаның 26 қыркүйектегі ресми бағамы 479,42 теңге болған еді.

Ресей рублінің ресми бағамы 8,27 теңге болды.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, бүгін таңғы сағат 8.00-дегі жағдай бойынша Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы 478 теңгеден сатып алынып, 482 теңгеден сатылып жатыр. Астананың ақша айырбастау орындарында орташа есеппен 475 теңгеден сатып алынып, 479 теңгеден сатылып жатыр.

Бүгінгі ресми валюта бағамы бойынша:

USD / KZT – 477,37 (АҚШ доллары)

EUR / KZT – 460,38 (еуро)

RUB / KZT – 8,27 (ресейлік рубль)

TRY / KZT – 25,88 (түрік лирасы)

CNY / KZT – 66,64 (қытай юані)

KGS / KZT – 5,85 (қырғыз сомы)

UZS / KZT – 4.34 (өзбек сомы).

 

Другие новости

Back to top button