Ақша

Валюта бағамы: 27 қазанда доллар қанша теңгеден сатылып жатыр

Қазақстанның Ұлттық банкі 27 қазанға арналған доллар мен рубльдің теңгеге қатысты ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бүгін, яғни бейсенбі күні доллардың ресми бағамы аздап төмендеп, 471,32 теңге болды.

Айта кетейік, өткен тәулікте америкалық валютаның ресми бағамы 472,93 теңге болған еді.

Ресей рублінің ресми бағамы аздап төмендеп, 7,67 теңге болды.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, бүгін таңғы сағат 8.00-дегі жағдай бойынша Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы 470 теңгеден сатып алынып, 473 теңгеден сатылып жатыр. Астананың ақша айырбастау орындарында орташа есеппен 470 теңгеден сатып алынып, 474 теңгеден сатылып жатыр.

Бүгінгі ресми валюта бағамы бойынша:

USD / KZT – 471,32 (АҚШ доллары)

EUR / KZT – 472,55 (еуро)

RUB / KZT – 7,67 (ресейлік рубль)

TRY / KZT – 25,33 (түрік лирасы)

CNY / KZT – 65,68 (қытай юані)

KGS / KZT – 5,7 (қырғыз сомы)

UZS / KZT – 4,24 (өзбек сомы).

Другие новости

Back to top button