Ақша

Валюта бағамы: 10 қазанда доллар қанша теңгеден сатылып жатыр

Ресей рублінің ресми бағамы 7,7 теңге болды

Қазақстанның Ұлттық банкі 10 қазанға арналған доллар мен рубльдің теңгеге қатысты ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бүгін, яғни дүйсенбі күні доллардың ресми бағамы аздап көтеріліп, 472,04 теңге болды.

Айта кетейік, 9 қазанда америкалық валютаның ресми бағамы 471,75 теңге болған еді.

Ресей рублінің ресми бағамы аздап төмендеп, 7,7 теңге болды.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, бүгін таңғы сағат 8.00-дегі жағдай бойынша Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы 471 теңгеден сатып алынып, 475,5 теңгеден сатылып жатыр. Астананың ақша айырбастау орындарында орташа есеппен 471 теңгеден сатып алынып, 475 теңгеден сатылып жатыр.

Бүгінгі ресми валюта бағамы бойынша:

USD / KZT – 472,04 (АҚШ доллары)

EUR / KZT – 462.84 (еуро)

RUB / KZT – 7,7 (ресейлік рубль)

TRY / KZT – 25,4 (түрік лирасы)

CNY / KZT – 66,36 (қытай юані)

KGS / KZT – 5,87 (қырғыз сомы)

UZS / KZT – 4.28 (өзбек сомы).

 

Другие новости

Back to top button