Выбор редакцииМангистауская область

Үш баласын өлтіріп, өзіне қол салған еркектің қайын апасы: «Өгей қызын зорлаған»

Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданындағы адам шошырлық оқиға кеше ғана қоғамды дүр сілкіндірген еді. Үш баласын асып өлтіріп, артынан өзі суицид жасаған тұрғынға қатысты әлеуметтік желіде тың дерек тарады, деп хабарлайды Экспресс К.

 

Жантүршігерлік оқиғаға қатысты жаңа мәліметтерді танымал тележурналист Гүлмира Әбіқайға үш баласынан айырылған ананың әпкесі Instagram арқылы хат жолдаған. Ол әлгі жазбада қайғыдан қан жұтқан әйел өзінің немере сіңлісі екенін айтып, ал үш бірдей перзентін қатар өлтіріп, кейін өзіне қол салған еркек жайлы ел естімеген сұмдық ақпаратты жария етіпті.

Күйеуі нашар адам. Ішіп, ұратын. Сіңлімнің еріп келген 15 жасар қызы бар. Соны зорлап, түрмеге кетпеймін деп, өзіне қол жұмсаған. Балаларын сіңлімнен қызғанып, өзімен алып кетті. Оны балаларынан айырып, үлкен қызының өмірін бұзып, зарлатып кетті,

— деп жазған әйелдің туысы.

 

Тележурналист қара жамылған әйелден сұхбат алғалы жатқанын айтқан.

Үш баласын асып өлтіріп, артынан өзіне қол салған еркекке қатысты шындық, міне. Ешқандай жоқшылық, қымбатшылық, Үкімет кінәлі емес. Маған жазылған хатты қаз-қалпында жарияладым,

Айта кетейік, Экспресс К бұған дейін Маңғыстау облысында ер адамның үш баласын өлтіріп, артынан өзі асылып қалғаны туралы материал жариялаған еді.

Другие новости

Back to top button