Павлодарская область

Ұрлықшы пышақпен бопсалап дүкенді тонаған

Павлодарлық ер адам пышақпен бопсалап, сатушыны байлап, қымбат телефондарды тонады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

 

22 желтоқсан күні таңертең Павлодарда сауда үйлерінің бірінде орналасқан ұялы байланыс салонында белгісіз ер адам сатушыны пышақпен қорқытып, қолы мен аяқтарын байлап, содан кейін 25 ұялы телефонды ұрлады. Сондай-ақ, 305 мың теңгеден астам ақшаны алды. Залалдың жалпы сомасы – шамамен 12 млн теңге.

«Полиция осы факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 192-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы “Қарақшылық” бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Осы қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтау және ұстау бойынша іздестіру шаралары жүргізілуде», – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Другие новости

Back to top button