Өскеменде оқушыларға теріс жолға түсу салдары түсіндірілді
Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті анықтау басқармасының бастығы Арман Үмітов Өскемендегі Шәкәрім атындағы № 1 орта мектептің 9–10 сынып оқушыларына профилактикалық лекция өткізді. Кездесу барысында жасөспірімдерге қылмыс пен құқық бұзушылықтың, соның ішінде есірткі заттарын тарату мен өткізу тәрізді маңызды мәселелердің салдары түсіндірілді.
Өскеменде құқық бұзушылық пен есірткіге қатысты түсінік
Лекцияда қылми жауапкершілік, заңсыз әрекеттерге тартылу қаупі және «оңай табыс» уәделерінің жасқа толмағандарға әкелетін зардаптары туралы айтылды. Оқушыларға әрбір әрекеттің болашаққа әсер ететіні және жауапкершіліктің қандай екенін нақты мысалдар арқылы түсіндірілді.
Өскеменде жол қауіпсіздігі мен әсер ететін топтар туралы
Сонымен қатар кездесу барысында жол жүрісінің қағидаларын сақтау, балалардың жолдағы қауіпсіздігі және жасөспірімдерді құқыққа қайшы әрекеттерге итермелейтін орта мен топтардың ықпалы қамтылды. Оқушыларға өз құқықтары мен міндеттерін білудің, қауіпті жағдайларды дер кезінде аңғара білу мен салдарын түсіну маңызды екені ескертілді.
Полиция осы кездесулер арқылы жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыруды және саналы шешім қабылдау қабілетін қалыптастыруды көздейді. Жастарға ұсынылған негізгі кеңестер:
- күмәнді ұсыныстарға келіспеу және таныс емес адамдарға сенбеу;
- қауіп туындаған жағдайда ата-аналарға, мұғалімдерге немесе полицияға дереу хабарлау;
- топтық қысымға төтеп беруді үйрену және оңтайлы шешім қабылдау;
- жол ережелерін сақтап, қауіпсіздік шараларын ұстану.
Полиция жастарды өздеріне және болашағына салмақпен қарауға, бір сәттік шешімнің зардаптары болуы мүмкін екенін есте сақтауға шақырады.



