Спорт

Универсиадада қазақстандық шорт-трекшілер екінші рет күміс медаль алды

АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында өтіп жатқан қысқы универсиадада шорт-тректен Қазақстан құрамасы күміс медальді жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Қазақстан құрамасының бас бапкері Нұрберген Жұмағазиевтің мәлім еткеніндей, жігіттер құрамасы 5 мың метрлік эстафетада 7:12.409 нәтижемен мәре сызығын екінші болып қиды.

 

Оңтүстік Корея құрамасы (7:10.689) жеңімпаз атанса, нидерландылық студенттер (7:12.450) қола жүлдені қанағат тұтты.

 

Қазақстан құрамасы сапында Әділ Ғалиахметов, Еркебұлан Шамұханов, Валерий Клименко және Санжар Жанисов өнер көрсетті.

Бұл – шорт-тректен Қазақстан құрамасының универсиададағы екінші күміс жүлдесі.

«Осымен универсиадада шорттрекшілер додасы мәресіне жетті. Алда әлем кубогінің бесінші және алтыншы кезеңі бар. Содан кейін әлем чемпионаты өтеді», деді ҚазАқпарат тілшісіне Н.Жұмағазиев.

 

 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын универсиадада Қазақстан құрамасының шорт-тректен күміс медаль алғанын жазған едік.

Другие новости

Back to top button