Социум

Үндістанда адамдар отырған аттракцион биіктіктен құлады — видео

Үндістанда адамдар отырған аттракцион биіктіктен құлады. Құрылымның жылжымалы бөлігі 15 метрден астам биіктікке көтерілген болатын. Оқиға видеоға түсіп қалды.

Бұол жағдай Үндістанның Мохали қаласында (Пенджаб) болған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, 18 адам зардап шеккен. Бұқаралық ақпарат құралдары он адам ауыр жарақат алып, ауруханаға түскенін айтады.

Жергілікті тұрғындар биліктен аттракционның жұмысына рұқсат бар-жоғын анықтауды талап етті. Құқық қорғау органдары оқиғаның себебін зерттеп жатыр.

 

Другие новости

Back to top button