Культура
Ұлықпан Жолдасов Ақбота Керімбекова қарсы шыққан Мұрат Әбділдаға 3 ән жазып берді (ВИДЕО)
Танымал музыкант, продюсер Ұлықпан Жолдасов түрмеден шыққан Мұрат Әбділданы қолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Әні мен сөзі қатты ұнады. «Шағала» деген әні «Ковер шоуда» орындағанымда маған көмек болды. Мұрат аман-есен үйіне оралып жатса, оны тауып 3 әннің аранжировкасын жасап беремін деп өзіме сөз бергенмін. Оны Азамат, Ринат деген жігіттер жасады. Өзім басы-қасында жүрдім. Мұраттың шығармашылығы әдемі. Сөзіне ақындар біраз сын айтуы мүмкін. Бірақ қарапайым халыққа жақсы өтетіндей сөз жазған. Әні де тым жақсы. Біздің ойымызға келмейтіндей ән жазған. Өзі мықты әнші болмаса да, өз әнін әдемі жеткізіп келеді. Табыс тілейміз. Мұрат, алға», — дейді Ұлықпан Жолдасов.
Еске салсақ, осыған дейін әнші Ақбота Керімбекова Республика сарайында ән айтқан Мұрат Әбділдаға қарсы шығып, мәдениет және ақпарат министріне үндеу жариялаған еді.