Социум

«Улы»: елімізде сынақтан өткен ойыншықтардың жартысына жуығы қауіпт

Бизнес, тілшінің айтуынша, заманауи трендтерден қыруар қаржы табады. Ал санитарлық эпидемиологтар тексерген 1500 ойыншықтың тең жартысы стандартқа сай емес.

Қазақстанның санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті «тексерілген тауарлардың 47 пайызы стандартқа сай емес» деген қорытындыға келді.  Еуразия бірінші арнасының сюжетінде көрсетілгендей, кез келген ойыншық дүкені таңертеңнен кешке дейін абыр-сабыр. Сөрелерден бірінші болып азу тістері бар көк құбыжық сатылып кетеді.

Бұл қазір трендке айналды. Хаги Ваги бірінші орында. Ол тез сатылып кетеді.

Танымал көк құбыжықтың отбасы қазақтардың отбасындай деуге болады. Оның әкесі, анасы, әжесі, атасы, әпкесі, ағасы, тіпті иті бар. Компьютерлік ойын кейіпкері тірідей өртеніп, қайта тірілгеннен кейін TikTok желісінде трендке айналды. Ал ойын желісі тіпті қорқынышты. Сюжет бойынша, қараусыз қалған фабрикадағы мутант ойыншыны іздеуге шығады.

Кәсіби цирк әртісі Николай Кутищев балалар аниматорлары тобын басқарады. Олардың киіну бөлмесінде Золушканың киімі, Өрмекші адамның киімі, фиксиктер мен басқа да мультфильм кейіпкерлері бар. Бірақ «Кальмар ойынының», «Веномның», көк құбыжықтың костюмдері ешқашан тіктірмейміз» деп сендірді цирк әртісі.

Бизнес, тілшінің айтуынша, заманауи трендтерден қыруар қаржы табады. Ал санитарлық эпидемиологтар тексерген 1500 ойыншықтың тең жартысы стандартқа сай емес. Кейбіреулерінде улы заттар бар.

Теріні тітіркендіретін заттың болуы, құрамында, өнім жасалатын материалда бұзушылықтардың болуы сияқты факторлар анықталды.Айдар Әлменов, Павлодар облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы

Ал психологтың айтуынша, ойыншықтардың сапасы балалардың физикалық денсаулығына тікелей әсер етсе, белгілі бір кейіпкердің бейнесі олардың психологиялық дамуына әсер етуі мүмкін.

Бала мұндай ойыншықпен көп ойнап, оны көп көрсе, ол да сондай негатив, депрессия, күйзеліс сияқты балаларға тән емес эмоцияларға бейімделеді.Ержан Мырзабаев, психолог

Другие новости

Back to top button