Госорганы
Ұлттық ұлан сарбаздары Есілге секірген бойжеткенді ажалдан арашалап алды (ВИДЕО)
Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінде борышын өтеп жүрген үш сарбаз Астанадағы Есіл өзеніне секіріп кеткен бойжеткенді ажалдан арашалап қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға кеше, 2 қазан күні кешке болған.
«Кешкі сағат 22:00 шамасында қоғамдық тыныштықты күзетіп жүрген бізге бейтаныс адам келіп, бір бойжеткен суға секіріп кеткенін хабарлады. Біз оқиға орнына тұра жүгірдік. Рация арқылы патруль басшысына хабар беріп, өзіміз қызды судан алып шықтық. Жағаға жақын жерде жатқан бойжеткенді қолынан тартып, алып шықтым. Жедел жәрдем келгенше бойжеткенге сырт киімімізді жауып, көмек көрсеттік», — дейді қатардағы сарбаз Нариман Мырзахметов.
Нариманнан басқа, Дамир Мұқашев пен Давид Корсунов атты тағы екі сарбаз ерлік танытқан.