Ақша

Ұлттық банк 2 қыркүйекке арналған доллар бағамын белгіледі

Ресей рублінің ресми бағамы 7.82 теңге болды

Қазақстанның Ұлттық банкі 2 қыркүйекке арналған доллар мен рубльдің теңгеге қатысты ресми бағамын белгіледі.

Бүгін, яғни жұма күні доллардың ресми бағамы сәл төмендеп, 471.43 теңгеге тең болды.

Айта кетейік, америкалық валютаның 1 қыркүйектегі ресми бағамы 472.21 теңге болған еді.

Ресей рублінің ресми бағамы 7.82 теңге болды.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, бүгін таңғы сағат 8.00-дегі жағдай бойынша Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы 470 теңгеден сатып алынып, 475 теңгеден сатылып жатыр. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында орташа есеппен 470 теңгеден сатып алынып, 473 теңгеден сатылып жатыр.

Бүгінгі ресми валюта бағамы бойынша:

USD / KZT – 471.43 (АҚШ доллары)

EUR / KZT – 472.7 (еуро)

TRY / KZT – 25.91 (түрік лирасы)

RUB / KZT – 7.82 (ресейлік рубль)

CNY / KZT – 68.34 (қытай юані)

KGS / KZT – 5.84 (қырғыз сомы)

UZS / KZT – 4.3 (өзбек сомы).

 

Другие новости

Back to top button