Госорганы

Үкіметте санкциялық саясаттың Қазақстанның сауда ағынына әсері талқыланды

Сенбі, 1 сәуір күні ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Қазақстанның сыртқы саудасының өзекті мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің сайтына сілтеме жасап.

photo

Атап айтқанда, Үкімет басшысына санкциялық саясаттың еліміздің сауда ағынына әсері, оның ішінде сауда құрылымындағы өзгерістер мен тауар жеткізу логистикасы туралы баяндалды.

photo

Әлихан Смайылов мемлекеттік уәкілетті органдарға жағдайды бақылауда ұстап, сауда тәртібін бұзу фактілеріне байланысты жедел әрекет етуді, сондай-ақ бизнес өкілдеріне кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

photo

Другие новости

Back to top button