Образование
Үкімет бір ай ішінде Қазақстандағы бүкіл мектептің асханасын тексереді
Премьер-министр Олжас Бектенов Мұнайлы ауданының Бесшоқы ауылында 460 бала астан уланған соң, денсаулық сақтау, оқу-ағарту министрлерін және Маңғыстау облысының әкімін тыңдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Астан ұшынған 460 оқушы дәрігердің бақылауында, 81 бала ауруханада жатыр. Екі оқушы жансақтау бөлімінде. Оқиға орнына оқу-ағарту министрлігіне қарасты Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің өкілдері барған.
«Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша бір ай ішінде республикадағы барлық мектептердің асханаларында санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүреді. Балалар уланған №8 мектепте тергеу басталған. Кінәлі тұлғалар жауапқа тартылады», — деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.