Недра Казахстана

Үкімет 2023-2027 жылдары мұнай мен доллар бағасы қанша болатынын болжады

Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Үкіметте хабарлады.

Сыртқы және ішкі параметрлердің өзгеруіне байланысты Қазақстан экономикасын дамытудың 2023 – 2027 жылдарға арналған үш сценарийі әзірленді.Базалық сценарий кезінде мұнайдың орташа бағасын барреліне 85$ деңгейінде және АҚШ долларының есептік бағамын 470 теңге деңгейінде пайдалану ұсынылады. Осы сценарий бойынша жалпы ішкі өнімнің орташа жылдық нақты өсуі 3,9 %-ды құрайды, оның ішінде 2023 жылы — 4%, — деді ол.

Министр оптимистік сценарий кезінде мұнайдың болжамды бағасы барреліне 110$, АҚШ долларының бағамы – 440 теңге деңгейінде анықталды.

Экономиканың орташа жылдық өсуі 4,2 % деңгейінде болжанып отыр екен.

Пессимистік сценарийде мұнай бағасы барреліне 60$ және ЖІӨ-нің болжамды нақты өсуі орта есеппен 3,5%-ды құрайды.Инфляция барлық сценарийлерде 2023 жылы 7,5-9,5% деңгейінде, 2024 жылы – 4-5% деңгейінде, кейіннен 2025 – 2027 жылдары 3-4%-ға дейін төмендейді деп белгіленді.Бюджеттік жоспарлау үшін негіз ретінде базалық сценарийді пайдалану ұсынылады.Осы сценарийге сәйкес ЖІӨ-нің нақты өсуі 2023 жылғы 4,0%-дан 2027 жылы 4,2 %-ға дейін жеделдейді, — деді министр.

Другие новости

Back to top button