Образование

ҰБТ. IT-мамандықтарға түсетін талапкерлерге информатика енгізілді

2022-2023 оқу жылынан бастап IT саласына оқуға түсетін талапкерлерге ҰБТ-ның бейіндік пәндер комбинациясы тізбесіне «Информатика» пәні енгізіледі, деп хабарлай BAQ.KZ.

«Информатика мұғалімдерін даярлау», «Ақпараттық технологиялар», «Ақпараттық қауіпсіздік» білім беру бағдарламалары топтарына түсушілер ҰБТ-да «Математика-Физика» емес, «Математика-нформатикадан» тест тапсырады, — деді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Наурызда ҰБТ кезінде пилоттық жоба ретінде  IT саласын таңдаған түлектерге «Математика-Информатика» комбинациясын таңдау опциясы қосымша енгізілген еді.

Айта кетейін, наурыздағы ҰБТ кезінде пилот ретінде аталған дайындық бағыттарына түсушілерде «Математика-Информатика» комбинациясын таңдау опциясы қосымша қолжетімді болды. Бұл апробация тиісті нәтижелерді көрсетіп, бірінші кезекте қабылданатын шешімнің талапкерлер үшін оңтайлы болатынын дәлелдеді, — деді ол.

Другие новости

Back to top button