Туркестанская область
Түркістанда 7 жасар баланың ішінен бір уыс құрт табылды
Түркістан облысы, Сарыағаш ауданындағы 7 жасар тұрғынның бауыр тұсынан бір уыс құрт табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Балаға Облыстық клинкалық балалар ауруханасының дәрігерлері күрделі операция жасады. 13 мамыр күні бас дәрігер орынбасары Сұлтанғали Маутайұлы бастаған дәрігерлер командасы отаны сәтті аяқтаған. Және бауыр тұсынан 15-16 сантиметрге жеткен 9 эхинакокты киста алып шықты.
Араға бес күн салып балақай үйіне шығарылды. Қазір жағдайы жақсы. Мамандардың айтуынша, аталмыш ауру ит, мысық және төрт-түлік малдан жұғуы мүмкін. Сонымен қатар дұрыс пісірілмеген ауру малдың еті де адам денсаулығына қауіп төндіруі ықтимал.