Туркестанская область

Түркістан облысында ерекше күтімді қажет ететін баланы балабақшаға қабылдамай қойды

Түркістандағы балабақша басшылығы ерекше күтімді қажет ететін баланы мекемеге қабылдаудан бас тартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ұлына “Даун синдромы” диагнозы қойылған келіншек баланы Түркістан облысы Отырар ауданындағы балабақшаның инклюзивті тобына қабылдамай қойғанын айтады. Осы шағыммен ол Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкілінен көмек сұраған.


Мектепке дейінгі мекеме басшылығы инклюзивті топтың психикалық дамуы тежелген балаларға арналғанын алға тартып, одан бас тартқан. Аталған дерек бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің аймақтағы өкілі Отырар ауданының прокуратурасына ұсыныс жолдады. Прокуратурамен бірлескен жұмыстың нәтижесінде бүлдіршін балабақшаға қабылданды.

Бұған дейін Көкшетаудағы балабақшада тәрбиеші бүлдіршіннің төсегіне жатып алып шугаринг жасағаны туралы жазған едік.

Другие новости

Back to top button