Туркестанская область

Түркістан облысында аулаларды су басты

Түркістан облысының Төлеби ауданында толассыз жауған жаңбырдан кейін 25 жер үй мен балабақша ауласын су басты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Түркістан облысы ТЖД қызметкерлері жауын-шашын салдарын жою жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қазірдің өзінде 200 қап құм төселді. Тағы 300-ге жуық инертті материалдар салынған қап төсеу жоспарланған.

«Түркістан облысы әкімдігі мен Төтенше жағдайлар департаменті жағдайды бақылауға алды», — деп көрсетті Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Другие новости

Back to top button