Туркестанская область
ТҮРКІСТАН: 1000-ҒА ЖУЫҚ БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ҰСЫНЫЛДЫ
Түркістан қаласында кезекті бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге екі жүз елуден аса тұрғын келді.
Онда 333 мекемеден 941 бос жұмыс орны ұсынылды. Олардың 352-сі — 35 мекеменің қоғамдық негізде, 189-ы — 106 мекеменің тұрақты негізде, қалғаны жеке кәсіпкерлердің сұранысы бойынша жасалды.
Бүгінгі бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне жастар да қатысты. Олар өздеріне қажетті ақпарат- кеңестермен бірге , ең бастысы жұмысқа орналасуға мүмкіндік алды.
Бұл жұмыссыздар санын азайту үшін ұйымдастырылған үшінші жәрмеңке. Шара жалғасын табады. Жәрмеңкеде неше үміткер жаңа жұмыс орындарына орналасқаны ертең белгілі болады.