Культура

Төреғали Төреәлінің әйелі ерекше баланың анасы болудың қаншалықты қиын екенін айтты

Танымал әнші Төреғали Төреәлінің әйелі қызы Кәусардің сырқатын қалай қабылдағанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

“Біздің қоғам ерекше балаларды күнделікті қоғамдық жерлерде көріп үйренбеген. Себебі ерекше баласы бар әр ана баласына деген қарым-қатынастан баласын үйінен шығара алмайды. Әр ана өзін кінәлап, іштей жеп, бақытты өмірдің не екенін ұмытады. Дәрігерлердің ауыр үкімдері үмітіңді өшіре береді. Ал балаң саған мөлдіреген көздерімен қарап, көмек сұрағандай көзқарас танытқанда, нағыз азап басталғандай болады. Себебі қолыңнан келері жоқ. Шарасыз қалудан артық жаза жоқ секілді сезінесің. Сыртқа өзімізді мықты көрсеткіміз келеді. Ал ішіңнен өртеніп, жанып, мыңдаған сұрақтарға жауап ала алмай жүрген, неге басқа аналардың баласы сау, неге менің балама соншама ауыртпашылықты төгіп бердің деген Аллаға налу бар екенін тіпті біз, аналар, мойындамаймыз. Алладан шипа беруін сұраймыз. Бірақ іштей сенбейтінімізді де түсінбейміз. Себебі жүрегіміздің түбіне үңілмейміз”, – деп жан сырын ақтарды Төреғалидің әйелі.

Другие новости

Back to top button