Социум

TikTok LIVE Қазақстанда Наурыз онлайн-фестивалін іске қосады

Қысқа бейнероликтердің жетекші платформасы TikTok АҚ “НК “Kazakh Tourism” , Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің қолдауымен 20–31 наурыз аралығында қазақстандықтардың ең сүйікті мерекелерінің бірі – Наурызға арналған, платформа қауымдастығын біріктіруге бағытталған арнайы бастаманы іске асырады.

Наурыз – көктемнің келуін, табиғаттың жаңаруын және жаңа өмір кезеңінің басталуын бейнелейтін басты мереке. Соңғы жылдары Наурызды атап өту интернет кеңістігінде де кеңінен таралуда. TikTok платформасында бұл мерекеге деген қызығушылық жылдан жылға жоғары деңгейде сақталып келеді: мерекеге байланысты хэштегтер арқылы қазақстандықтар ұлттық дәстүрлер, мерекелік дастархан, музыка мен көктемгі жаңару атмосферасына арналған 163 мыңнан астам бейнеролик жариялаған.

Мерекенің жанды атмосферасы

Төртінші жыл қатарынан TikTok Қазақстан қауымдастығымен бірге Наурызды ауқымды түрде атап өтіп келеді. Биыл платформа TikTok LIVE тікелей эфирлер фестивалі форматындағы бастаманы іске қосады. Бұл пайдаланушыларға мерекелік іс-шаралар мен дәстүрлерге нақты уақыт режимінде қатысуға мүмкіндік береді. TikTok-тағы Наурыз-2026 музыкатақырыбына арналады – бұл мерекелік көңіл-күйді жеткізудің және адамдарды біріктірудің ең жарқын тәсілдерінің бірі.

TikTok АҚ “НК “Kazakh Tourism” , Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің ұйымымен бірлесіп, @suhrab_k, @bekarti және @shony_ansar сияқты танымал LIVE-креаторлармен бірге тікелей эфирлер сериясын ұйымдастырады. Олар ел аумағында өтіп жатқан іс-шаралардан мерекенің атмосферасын тікелей эфирде бөліседі.

21 наурыз күні Астана қаласында EXPO аумағында «Наурыз – береке бастауы» атты мерекелік іс-шара өтеді. Бағдарлама аясында концерттік қойылымдар, киіз үйлер тігу, ұлттық спорт ойындарын өткізу, сондай-ақ дәстүрлі тағам – наурыз көжеден дәм тату жоспарланған. Қонақтар үшін ұлттық асхананың алуан түрлілігімен танысып, мерекелік атмосфераны сезінуге мүмкіндік беретін фудкорттар ұйымдастырылады. Іс-шарадан тікелей эфирді Есмолдин Ақылбек @bekarti (14:00 — 16:00) және Шони Ансар @shony_ansar (18:00 — 21:00) жүргізеді.

Сондай-ақ 21 наурыз күні Алматы қаласындағы Астана алаңында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен «Ұлы даланың ұлы күні» атты мерекелік концерт өтеді. Қонақтарды танымал орындаушылар қатысатын мазмұнды концерттік бағдарлама, сондай-ақ Наурыздың мәдени байлығы мен дәстүрлерін айшықтайтын мерекелік атмосфера күтеді. Іс-шарадан тікелей эфирді Сухраб Курбанов @suhrab_k жүргізеді (19:00 бастап іс-шара аяқталғанға дейін).

TikTok LIVE платформасындағы концерттер сериясы бағдарламаның ерекше бөлігі болмақ. 20–31 наурыз аралығында TikTok LIVE-та Қазақстанның талантты музыкалық орындаушылары қатысатын шағын форматтағы онлайн-концерттер өтеді. Олардың қатарында вокалистер  @suhrab_k@diazzsoull, @vettalenta, гитаристер @ali_movich және @may.duet, сондай-ақ виолончелист @nurzhan_cello бар. Тікелей эфирлер күн сайын 20:00-ден 22:00-ге дейін өтеді.

Онлайн-стримерлер сайысы

Сайыстар — Наурыз мерекесінің ажырамас бөлігі. Халықтық мерекелер барысында қатысушылардың күші, ептілігі мен шеберлігін көрсететін түрлі жарыстар ұйымдастырылады. Осы дәстүрді жалғастыра отырып, мерекелік науқан аясында TikTok LIVE-креаторлары арасында онлайн-сайыс өтеді. Тікелей эфир барысында стримерлер көрермендерден виртуалды сыйлықтар алу арқылы ұпай жинай алады. Нәтижесінде үздік қатысушылар Қазақстандағы стримерлерге арналған арнайы іс-шараға қатысу мүмкіндігіне ие болады.

Платформадағы мерекелік атмосфера дәстүрлі мәдениет элементтерінен шабыттанған эксклюзивті виртуалды сыйлықтармен толықтырылады. Олардың қатарында қызғалдақ, асық, тақия және киіз үй сияқты мереке нышандары бар.

«Біз TikTok LIVE платформасының креаторлар мен көрермендерді жақындастырып, эмоциялармен бөлісуге және шынайы диалог орнатуға мүмкіндік беретін кеңістікке айналып келе жатқанын көріп отырмыз. Платформа аудиторияға тек бақылаушы емес, оқиғаның бір бөлігіне айналуға мүмкіндік береді. Наурызға арналған онлайн-фестиваль аясында біз пайдаланушыларға мереке атмосферасын нақты уақыт режимінде сезініп, осы сәттерді басқалармен бөлісуге мүмкіндік бергіміз келеді», – деп атап өтті TikTok өкілдері.

АҚ «НК «Kazakh Tourism» өкілдері де мұндай бастамалардың Қазақстанның мәдени мұрасын ілгерілетудегі маңызын атады.

«Біз Наурыз онлайн-фестивалін қолдауды жалғастырып келеміз. Бұл жоба ұлттық дәстүрлер мен мәдениетті дәріптейтін маңызды digital-алаң ретінде өзін дәлелдеді. Егер өткен жылы қолданушылар өздерінің мерекелік сәттерімен белсенді бөлісіп, түрлі контент жасаған болса, биыл біз жаңа форматты — блогерлердің қатысуымен өтетін мерекелік іс-шаралардан тікелей эфирлерді енгізіп отырмыз.

Мұндай тәсіл мерекенің атмосферасын нақты уақыт режимінде жеткізуге және әсіресе жастар арасында қызығушылықты арттыруға мүмкіндік береді. TikTok-тағы онлайн-фестиваль биыл одан әрі ауқымды болып, Қазақстанның мәдени мұрасын цифрлық кеңістікте ілгерілетуге елеулі үлес қосады және Наурызды халықаралық деңгейде насихаттауға жаңа мүмкіндіктер ашады деп сенемін», – деп атап өтті «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Ғазизов.

Другие новости

Back to top button