Выбор редакцииСоциум

Темірді жалаймын деп оқушы баланың тілі жабысып қалды

Темірге тілі жабысып қалған баланың видеосы желіде көптің езуіне күлкі үйірді. Оны ауыл тұрғындары құтқарып қалды, деп хабарлайды Экспресс К.

Оқушының видеосы Whatsapp-та тарады. Онда темірге тілі жабысып, қимылсыз тұрған баланы көруге болады. Ал оның айналасына ауыл тұрғындары жиналып қалған.

Сол сәтте үлкендердің бірі жылы су әкеліп, баланың тілін темірден ажыратып алады. Олар балаларға суық күнде темірді жаламаңдар деп ұрысып жатыр. Бейнежазбаның еліміздің қай өңірінде түсірілгені әзірге белгісіз.

 

Другие новости

Back to top button