Жамбылская область

Таразда студенттерден ақша талап еткен ЖОО оқытушысы ұсталды

Ұсталған ер адам кінәсін толық мойындады

Таразда студенттерден пара алған жоғары оқу орнының оқытушысы ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

 

Жамбыл облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 46 жастағы аға оқытушы бұған дейін де 4-курс студенттерінің әрқайсынан үш айлық тәжірибелік сабақтардан және емтиханнан өткізіп беремін деп 50 мың теңге көлемінде ақша талап еткен.

«20 қаңтарда Жамбыл облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлерімен жүргізілген арнайы жедел-іздестіру шаралары барысында қаладағы жоғары оқу орынының бірінен 46 жастағы оқытушы қызметтік кабинетінде студенттен 200 мың теңге көлемінде қаржы алу кезінде ұсталды», — делінген хабарламада.

Ұсталған ер адам кінәсін толық мойындады. Оған қатысты қолхатпен босату туралы бұлтартпау шарасы қолданылды.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 3-тармағымен (Екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалған алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Фейсбук парақшамызға кіріп, пікір қалдырыңыз, сынаңыз, ұсыныңыз

Біздің телеграм каналымызға жазылыңыз және жаңалықтарды қадағалаңыз

Другие новости

Back to top button