Алматинская область

Талғарда балалар мектепке есек арбамен қатынап жүр

Алматы облысына қарасты Талғар қаласының тұрғыны балаларын мектепке есек арбамен тасиды, деп хабарлайды Экспресс К.  

Newscorr-ға видео жолдаған азаматтың айтуынша, ол осындай көрініске күнде таңертеңгі уақытта куә болады екен. Ал бүгін жауын жауып тұрғандықтан балалардың әкесі оларға қолшатыр ұстатып қойған.

Бейнежазбадан арбаға жегілген қос есекті көруге болады. Арбада қолшатырдың астында, жылы көрпеге оранып, балалар отыр.

 

 

Другие новости

Back to top button