Жетысуская область

Талдықорғанда 750-ден астам үй көгілдір отынсыз отыр

Қаланың көгілдір отынсыз қалған бөлігіне газ қашан берілетіні әлі белгісіз

Талдықорғанда 750-ден астам үй көгілдір отынсыз отыр. Себебі жер астымен жүргізілген жартылай қысымдағы құбырлардың бірінен ақау шыққан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Апаттың алдын алу мақсатында облыс орталығының бір бөлігіне табиғи газ беру тоқтатылды. Жаңадан салынған ықшам аудандардың тұрғындары да көгілдір отынсыз отыр. Газ таратушы компания ақаудың шығу себебін анықтап жатыр. Жөндеу жұмыстары жақын арада қолға алынады. Бірақ қаланың көгілдір отынсыз қалған бөлігіне газ қашан берілетіні әлі белгісіз.

«Нақты уақыты әзірге белгісіз. Өйткені мына ақауды тауып, оның материалын анықтау қажет. Содан кейін анық болады», — дейді газ таратушы компанияның апаттық-диспетчерлік қызметінің бастығы Бейбарыс Тілеубаев.

Другие новости

Back to top button