Алматинская область

Таяуда ұсталған»Алтын орда» базары басшысының көлігінен 4,5 млн теңге ұрланды

Алматы облысында полиция ғимараты маңында ер адамның көлігінен 4,5 миллион теңге жоғалып кетті.  Бұл туралы Stan.kz  ақпараттық агенттігі хабарлайды.

 

Оқиға 5 шілдеден 6 шілдеге қараған түні болған. Автокөлік Қарасай аудандық полиция басқармасының автотұрағында тұрған.

» Бұл көлік «Алтын орда» базарының басшысының көлігі болған. Көліктің тоналғанын құқық қорғау органдарының мамандары өздері айтты», — дейді «Алтын орда» базарының баспасөз қызметі.

Жедел кезекшінің сөзінше, белгісіз біреулер көлік терезесін сындырып,  4,5 млн теңгені қолды еткен. Бұл көлік таяуда ұсталған «Алтын орда» базарының атқарушы директоры Эрмек Марқабаевқа тиесілі болған.

«Автокөліктің салонында қолма-қол ақшаның бар екенін базар басшысын ұстаған және осы көлікті қабылдаған полиция қызметкерлері ғана білді. Мәселен, әрбір полиция департаментінің аумағына жасырын кріу мүмкін емес. Қатаң күзет және өрт дабылы жүйелерін орнатылған. Кім кіруі мүмкін және қалай? Келтірілген шығынды кім өтейді? Автокөлікті кім орнына келтіреді? Қылмыстық іске еш қатысы жоқ және ішінде 5 млн теңгеге жуық қаржы болған көлікті басқарманың аумағына қою қаншалықты маңызды еді? Ақпарат таратылғаннан кейін полицейлер BMW автокөлігін басқарма аумағынан белгісіз жаққа алып кетті. Ізін жасыру үшін айып тұрағына қоя ма деген күмән бар,» – деп жазылған «Алтын орда» сауда-логистикалық орталығының Instagram парақшасында.

Ал Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі жағдайдың тексеріліп жатқанын айтады.

«Қарасай аудандық полиция басқармасына BMW X7 автокөлігіндегі белгісіз адамдар атыс қаруын заңсыз тасымалдап, сақтауы мүмкін екені туралы хабарлама түсті. Көлікті тексеру барысында 4 500 000 теңге көлемінде ақша болғаны, оны белгісіз біреулердің ұрлап алғаны туралы дерек анықталды», — деп мәлімдеді Алматы облысының ПД баспасөз қызметі.

Другие новости

Back to top button