Северо-Казахстанская область

СҚО-да балық аулауға кеткен жігіт 4 күннен бері табылмай жатыр

Солтүстік Қазақстан облысында 31 жастағы жігітке іздеу жарияланды. Ер адам ауыл маңындағы көлге балық аулауға кетіп, содан үйіне қайтып оралмаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

СҚО волонтерлері әлеуметтік желіде жоғалған Болат Ақиевтің фотосы мен ол туралы ақпаратты жариялады.

Волонтерлердегі мәлімет бойынша, 31 жастағы жігіт 6 қаңтар күні сағат 19.30 шамасында Шал ақын ауданы Ступинка елді мекені маңындағы көлге балық аулауға аттанған.

Содан бері төрт күн өткенімен, туған-туыстары одан хабар ала алмай отыр.

Болаттың бойы 180 см, арықша келген, қысқа қара шашты.

Сол күні жігіттің басында қызыл жолағы және «тик-ток» деген жазуы бар қара бас киім болған.

Үстіне капюшоны бар көк камуфляж костюм киіп шыққан.

Сондай-ақ жылы қара күрте, көк түсті спорт шалбары, ақшылт футболка, жасыл резеңке етік пен тоқыма қоңыр шұлық болған.

Жігітті көрген-білгендер болса 8 777 307 99 65, 8 926 626 64 33 немесе «102» нөміріне хабарласа алады.

 

Ал бұған дейін із-түзсіз кеткен Сергей Денисовтің қайтыс болғаны анықталды. 1977 жылы туған ер адамға 2020 жылдың 25 ақпанында іздеу жарияланған еді.

 

Другие новости

Back to top button