Северо-Казахстанская область

СҚО-да әкім орынбасары ат жегілген шанадағы тұрғынды қағып өлтірді

Көлік Есіл аудандық полиция бөлімінің арнайы тұрағына жөнелтілді

СҚО-да әкім орынбасары жол үстінде ат жегілген шанада отырған тұрғынды қағып өлтірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Qazaqstan Media порталының хабарлауынша, қайғылы оқиға 25 желтоқсанда Есіл ауданында болған.

«1984 жылы туған ер адам қызметтік көлігімен Петропавлдан Новоишимский ауылы бағытында келе жатқан. Ол Николаевка ауылынан бес шақырым жерде шана байланған атты қағып кетеді. Шанасын атына жеккен ер адам жолдан кері бұрылмақ болғанда, жылдамдықпен келіп қалған тежегішті басып үлгермеген. Оқиға салдарынан шана иесі, Есіл ауданының 1961 жылы туған тұрғыны алған жарақатынан көз жұмды», — делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, Chevrolet Nexia маркалы көліктің рөлінде облыстың бір ауданының әкім орынбасары отырған.

«Медициналық сараптамаға сәйкес, Chevrolet Nexia жүргізушісі ішімдік ішпеген», — делінген хабарламада.

Көлік Есіл аудандық полиция бөлімінің арнайы тұрағына жөнелтілді.

Жол-көлік оқиғасын жасаған жүргізушіге қатысты бұлтартпау шарасы тағайындалады.

Другие новости

Back to top button