Культура

«Соңғы түскен суретім»: Тоқтар Серіков марқұм анасы жайлы жантебірентерлік жазба жариялады

Белгілі әнші Тоқтар Серіков әлеуметтік желідегі парақшасында марқұм анасымен түскен соңғы суреттерін жүктеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

 

“Анаммен соңғы түскен суретім екен. Соңғы рет құшағында жатқанымды, соңғы рет құшақтағанын білмеппін. Осы күні немересімен таласып тұрып құшақтанмын. Мәңгілік сағынышқа ұласарын сезбеген екем. Жаның жәннәтта болсын, анашым”, – деп жазды Тоқтар Серіков.

Әншінің оқырманы да жазбаның астына пікір қалдырып, ниеттес екенін білдірді.

“Алла Тағала мейіріміне бөлесін”, “Ананың жылы құшағына жетер не бар бұл дуниеде?”, “Алла рақымына алсын”, “Анамыз керемет жайдары еді”, – деп көңіл білдірді желі қолданушылары.

Айта кетейік, Тоқтар Серіковтің анасы Маруся Назарбекқызы 2021 жылдың 20 наурызында дүниеден өткен болатын.

Другие новости

Back to top button