Ақша
Соңғы 20 жылда бірінші рет еуро доллардан арзандады
Рекордтық құлдыраудың факторларының бірі - әлемдік энергетикалық дағдарыс
Дүйсенбі күні кешке бірыңғай еуро бір пайыздан астамға арзандады. Бұл еуроның 20 жыл ішінде ең төменгі деңгейге түскенін көрсетеді, деп хабарлайды Euronews.
Рекордтық құлдыраудың факторларының бірі — әлемдік энергетикалық дағдарыс және Солтүстік ағын арқылы газ жеткізудегі үзілістер, сондай-ақ АҚШ Федералды резервтік жүйесінің инфляцияны тежеу жөніндегі белсенді әрекеттері.
Еуроодақ құрамындағы 19 елдің ортақ валютасы 2002 жылдың желтоқсанынан бері АҚШ долларынан қымбатқа саудаланып келген еді. Еуропаның орталық банкінің ақпаратынша, жыл басынан бері Еуроодақ валютасы АҚШ долларына қарағанда 10 процентке құлдыраған.